Skip to content
Menu
SPH.KZ – ТОО «SAYRAM PLANETA HOLDING»
  • Главная
  • Наши организации
    • ТОО «Средне-Азиатский медицинский колледж»
    • ТОО «Общеобразовательная школа Яссауи»
    • ТОО Ясли-сад «Жасмина»
    • ТОО «Детский сад «Жан Динара»
    • ТОО «Women`s time»
  • Владелец компании SPH
  • Контакты
SPH.KZ – ТОО «SAYRAM PLANETA HOLDING»

Владелец компании SPH



 

«SAYRAM PLANETA HOLDING» ЖШС директоры
Дилрабо Адилбековна Элмуратованың өмірбаяны.

Элмуратова Дилрабо Адилбековна Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында 1985 жылғы маусым айының 10-жұлдызында дүние есігін ашты. Алғашқы сауатты 1992 жылдан бастап Зиямат Хусанов атындағы жалпы орта мектепте ашып, 2001 жылы аталған мектепті жалпы орта білім туралы аттестатпен аяқтады. 2001-2004 жылдар аралығында Манап Утепбаев атындағы гуманитарлық қаржы колледжінде «Заңгер» мамандығы бойынша білім алып, 2007 жылы оқуды жоғары білім туралы дипломмен сәтті аяқтады. 2011-2017 жылдар аралығында Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің «Фармация» мамандығы бойынша білім алып, «Фармация бакалавры» атанды. Бүгінгі таңда Алматы менеджмент университетінің «Бизнес басқару магистрі» бағдарламасы бойынша білімін жетілдіруде.
Өз бойындағы тұлғалық қасиеттерін үнемі жетілдіріп отыру мақсатында бизнес-тренер Саидмурод Давлатовтың «САМО» бизнесмендер мектебінде 4 жылдан аса білімін арттырып келеді.
Американдық бизнес-кеңесші, кәсіби ділмар, жазушы- Стивен Ковидің «Тиімділігі жоғары адамдардың 7 дағдысы» тақырыбындағы сабақтарына 3 рет қатысып, барлығын сәттілікпен аяқтаған және бүгінгі таңда алған білімдерін өз өмірінде, кәсіпкерлік саласында тиімді қолданып, үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келеді.
Еңбек жолы туралы мәліметтер:
1. 2004-2009 жылдар аралығында «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық қаржы колледжі»нің құқық негіздері пәні оқытушысы қызметін атқарған.
2. 2009-2012 жылдар аралығында «Байтура» Жамбыл колледжі оқу ісі жөніндегі директор орынбасары лауазымында жұмыс жасады.
3. 2012-2014 жылдар аралығында «Ибн Сина» атындағы Тараз медициналық колледжінің оқу ісі жөніндегі директор орынбасары қызметін атқарды.
4. 2014-2021 жылдар аралығында «Орта-Азиялық медициналық колледжі» ЖШС нің директоры қызметін атқарды.
5. 2019-2021 жылдар аралығында жылдан бастап «Орта-Азиялық медициналық колледжі» ЖШС, «Жан Динара балабақшасы» ЖШС, «Жасмина» бөбекжай-балабақшасы ЖШС, «Яссауи жалпы білім беру мектебі» ЖШС мекемелерінің құрылтайшысы болып саналады.
6. 2021 жылдан бастап «SAYRAM PLANETA HOLDING» ЖШС директоры қызметінде жұмыс атқарып келеді.

Отбасы туралы айта кететін болсақ Дилрабо Адилбековна отбасында жолдасының сүйікті де аяулы жары, екі ұлының періштедей анасы, ақылшысы, кеңесшісі, өмірге жол бастар ардақты да құрметті ұстазы.
Дилрабо Адилбековна- бүгінгі таңда өз білімі мен қайраттылығының, ұмтылысы мен алға қойған мақсатына жетуге деген тынымсыз әрекеттерінің нәтижесінде үлкен жетістіктерге және өз қатарындағы кәсіпкерлер мен ұжымының ортасында, халық арасында үлкен құрмет пен шексіз сүйіспеншілікке қол жеткізіп отыр. Әрине Дилрабо Адилбековнаның еңбек жолы еш қандай қиындықсыз болды деп айта алмаймыз. Бірақ сол қиындықтарды артта қалдырып, алға, өз мақсатына жетуге өзінің бойында күш-жігер, қайрат таба алған бұл тұлғаны бүгінгі бәсекелестік қоғамда бәсекеге қабілетті адал және лайықты жан деп сеніммен айта аламыз. Өзінің еңбек жолында өз бойында білімін, тәжірибесін жетілдірумен қатар, адам бойында оның адамилық қасиеттерін бейнелейтін барлық жақсы қасиеттерді сақтап қалды.
Бір сөзбен айтқанда, Элмуратова Дилрабо Адилбековна- бүгінгі таңда жастарға үлгі болатын, халыққа, қоғамға өзінің игі істерімен, жақсы қасиеттерімен танымал болған табысты кәсіпкер, білімді ұстаз және адал дос, ақылды кеңесші деп сеніммен айта аламыз.

 

@dilya_adilbekovna

Дилрабо Элмуратова

Владелец

🏢Средне-Азиатского медицинского колледжа”

🏰Детского сада “Жан-Динара”

🏩Ясли сада “Жасмина”

🏫Школы имени “Яссауи”

🏃‍♀️Фитнес клуба WOMEN’S TIME

 

Компания «SAYRAM PLANETA HOLDING», создана в конце апреля 2021 года, с целью объединения уже существующих и успешно функционирующих организаций с 2007 года, общей численностью до 500 работников. Руководитель Холдинга – Элмуратова Дилрабо Адилбековна.
Социально образовательный холдинг «SAYRAM PLANETA HOLDING» – это совокупность разноуровневых учреждений объединившихся для положительного воздействия на качество образования и медицины в Сайраме.
Основная миссия Холдинга:
– Осуществлять обучение и воспитание детей и молодежи, через современное, качественное дошкольное, школьное, средне-специальное образование, в интересах личности, общества и государства.
– Обучать, посредством сохранения и приумножения научных, нравственных и культурных ценностей общества, способствующих социально-экономическому развитию региона.
– Обеспечивать охрану и укрепление здоровья детей, создавая благоприятные условия для формирования лидерских качеств в каждом ребенке, ученике, студенте.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Дилрабо Элмуратова (@dilya_adilbekovna)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Дилрабо Элмуратова (@dilya_adilbekovna)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Дилрабо Элмуратова (@dilya_adilbekovna)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Дилрабо Элмуратова (@dilya_adilbekovna)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Дилрабо Элмуратова (@dilya_adilbekovna)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Дилрабо Элмуратова (@dilya_adilbekovna)

Просмотров 0

Организации

  • Дария-Медикус
  • Детский сад "Жан Динара"
  • Жожо Кидс
  • ТОО «Women`s time»
  • ТОО «Общеобразовательная школа Яссауи»
  • ТОО «Средне-Азиатский медицинский колледж»
  • ТОО «Ясли сад «Жасмина»
  • ТОО Ясли-сад «Жасмина»
  • Филиал «Хафиза Ана» частного учреждения детский сад «Бай Ата»
  • ЧУ «Детский сад Бай-Ата»

Новости

  • ТОО «Средне-Азиатский медицинский колледж»
  • ТОО «Общеобразовательная школа Яссауи»
  • ТОО «Детский сад «Жан Динара»
  • Филиал «Хафиза Ана» частного учреждения детский сад «Бай Ата»
  • ЧУ «Детский сад Бай-Ата»

Комментарии

    ©2023 SPH.KZ – ТОО «SAYRAM PLANETA HOLDING» | Создано для SPH.KZ & SAYRAM PLANETA HOLDING